Григорий Марченко Қазақстанның зейнетақы жүйесін құру туралы

477
Фотосурет: Серикжан Ковланбаев/inbusiness.kz

2023 жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Григорий Александрович сонау 1996-1997 жж., ортақ жүйенің банкротқа ұшырап, зейнетақыны төлеу бойынша кідірістердің алты айға дейін созылғанын, ал зейнетақы төлемі бойынша жалпы берешек шамамен $0,5 млрд болған кезде зейнетақымен қамсыздандырудың жүйесін жаңа тәсілмен реформалаудың қажеттілігі туындағанын әңгімелеп кетеді. Бұл ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатын әркімнің зейнет жасындағы материалдық қамтамасыз ету бағытындағы дербес жауапкершілігіне ауыстыруды көздеген қадам болатын.

Реформаға дейін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Көптеген елдердің зейнетақы жүйелерінің түрлі үлгілері зерделенді. Нәтижесінде олардың оң тәжірибесі мемлекеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, салымшылардың жеке міндетті және ерікті жарналары есебінен қалыптасатын жинақтаушы құрамдауышты қамтитын қазақстандық көп деңгейлі зейнетақы жүйесін қалыптастыру кезінде ескерілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -