Қарағанды мен Балқаш су айдындарының жағасынан экоеріктілер 265 қап қоқыс жинады

3773
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Тамыз айында Қарағанды мен Балқашта дәстүрлі "Мөлдір су" экоакциясы өтті. Қоршаған ортаға жанашыр белсенділер су қоймаларының жағасында 265 қап қоқыс жинады, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Мөлдір су" акциясын 2016 жылдан бастап бүкіл республика бойынша Қазақстанның ірі компанияларының бірі өткізеді. Бұл жолы Қарағандыда Рига көшесі жағынан Федоров су қоймасының аумағы тазаланды. 

Акцияға 48 адам қатысты. Жалпы 95 қап қоқыс жиналды.

Балқашта медициналық колледжге қарама-қарсы Балқаш көлінің жағалауы тазаланды. Елу ерікті қоқысты 170 қапқа жинады.

Белсенділерге қажетті құрал-жабдықтар – қаптар мен қолғаптар берілді.

Әкімдік қоқысты полигондарға дейін тасымалдауды қамтамасыз етті.

6 жыл ішінде "Мөлдір су" акциясына 1400-ден астам адам қатысты. 111 тонна қоқыс жиналды, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -