Азаматтық қорғау қызметі – аса маңызды кәсіби сала. Азаматтардың қауіпсіздігі мен әл – ауқатын қорғау – құтқарушының қасиетті борышы.
Құтқару кәсібі- ержүректілер мен рухы мықтылардың міндеті.
Бұл қызметте мықты денсаулық, жақсы дене шынықтыру даярлығы, шыдамдылықтың болуы аса маңызды.
Ал осы біліктілікке, төтенше жағдайлардан қорғау саласында сапалы кадрларды оқыту мен даярлауды жүзеге асыратын, еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.
Міне, осы жерден жыл сайын лейтенант атағымен, жас маман- құтқарушылар білім алып шығады. Олардың әр қайсысы Отанымыздың әр өңірінде өз қасиетті міндеттерін атқаруға дайын және қабылдаған анттарына адал.
Олардың әр қайсысы 4 жыл бұрын Академияға тәжірибесі жоқ, жас курсанттар болып оқуға түскен.
Осындай 2023 жылғы жас түлектердің бірі – жас офицер – азаматтық қорғау лейтенанты Ертай Диас Айдынұлы.
Арқалық қ. А.Құнанбаев атындағы №6 ОМ 11 сынып түлегі бола отыра, Диас азаматтық қорғау органдары қызметкерлерімен өткізілген кәсіби бағыттау және насихаттау жұмыстарын жүргізу кезеңінде, Академияға түсудің жағдайларымен талаптары туралы естіп білген.
Көп ойланбастан, ол өзінің мүмкіндігін жіберіп алмауды шешіп, іріктеуден өтуге бел буған. Осы шешімді қабылдау, оның офицер болу арманының негізі болып табылды.
Жас өспірім болғандықтан, ол әскери тәртіп, казармалық өмір, кешкі 10 – да ұйқыға жату, таңғы 06-да ұйқыдан тұру, таңғы жүгіру, мәжбүрлі марш, жаттығулар, мәдени–спорттық іс-шаралар, оқу-жаттығулар, қатал да әрі талапшыл командирлерді қызығушылық пен әрі таң қалумен қабылдады, алайда, барлығы оған әрине қиын сынақ ретінде көрінді.
Алайда, міне, осы қиындықтар оның осы оқуды әрі қарай оқып, сәтті аяқтауына деген тілегі мен арманын одан сайын нығайта түсіп, күш берді.
Қазір, Диас жас офицер, және 4 жылдық Академия қабырғасындағы курсанттық өмірді тек күлімсірей отыра, мақтанышпен еске алады.
Ол, осы оқу орнында көп жас өзіндей балалар мен танысып, жақсы арқа сүйер достарды кездестірді.
Сауатты құрылған оқыту бағдарламасы, көп пайдалы нәрсеге үйретіп, офицер-тәлімгерлердің өнегелі үлгілері таңдаған кәсібіне деген сенімін шыңдап, патриотизмді нығайтып, одан әрі арттыра түскен.
Бүгін, Диас тағдырына риза және 4 жыл бұрын қабылдаған шешімінің дұрыстығына сенімді.
Диастың бірінші тағайындалуы Қостанай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымы болды. Өрт қауіпсіздігі бойынша инспекторлар қатарында бола отыра, ол оңірімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғайды.
Алдағы уақытта Диасқа барлық жаңа бастамаларына сәттілік, қызметте мансаптық өсу мен Отанымыз үшін атқарып жатқан қызметіне жетістіктер тілейміз.
Ал, біз болсақ, өз кезегінде Диас қабылдағандай дұрыс шешім қабылдауға және ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы АҚ Академиясына оқуға түсуге жас өспірімдер мен түлектерді шақырамыз. Курсанттарды оқыту мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар 4 жыл бойы оқу кезеңінде, мемлекеттік шәкіртақымен, әскери киім-кешекпен және тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Жасөспірімдер Академия аумағында орналасқан жатақханада тұратын болады. Каникулдық демалыстар кезеңінде, тұрғылықты жеріне дейінгі жол ақысының толық төлемі жүргізіледі.
Күндізгі оқу нысаны бойынша ҚР орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады.
Оқуға түсуге дайындық туралы барлық сұрақтар бойынша Қостанай облысының ТЖД немесе тұрғылықты жері бойынша төтенше жағдайлар бөліміне хабарласуға болады.