Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына Маржықпаев Ермек Боранбайұлының кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт минисрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды