Қырғызстан және Қазақстан: әскери-патриоттық тәрбие саласындағы ынтымақтастық

5302
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қырғызстан Республикасының әскери делегациясы елімізге ресми сапары аясында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру бас басқармасы шақыру бөлімінің аға офицері подполковник Бекжан Нұров және Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бас маманы қызметші Қанатбек Болокбаев Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асеновпен және "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиевпен кездесті.

Әріптестер жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастық саласын талқылады. Қонақтар үшін ҚК Әскери-тарихи мұражайына, сондай-ақ "Жас сарбаз Хаб" коворкинг-орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Қонақтарға Жұмабек Тәшенов атындағы № 10 елордалық мектептің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарындағы оқу процесі көрсетілді. Меймандар елорданың мәдени-тарихи нысандарын аралады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -