Адамдарды қорғау: Ақмола облысында 727 улы газ датчигі орнатылған

4895
Фотосурет: Ақмола облысы ТЖД

Жылыту кезеңі қарсаңында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі айлығының ІІ кезеңін жалғастыруда, – деп Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу мақсатында тамыз айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының 7 мыңнан астам үйі қамтылып, 3000-ға жуық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Адам өлімінің алдын алу үшін 727 улы газ датчигі орнатылды, тағы 957 датчик орнату жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде Ақмола облысының тұрғын үй секторында 336 өрт тіркелген. Өртте 14 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.

Ақмола облысының ТЖД өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау болып табылатынын еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -