200-ден астам кітап: Бәйдібек ауданында жылжымалы кітапхана пункті ашылды

5489
Фотосурет: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимаратында жылжымалы кітапхана пункті ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кітап сөресіне аудандық орталықтандырылған кітапхана қорындағы әдеби, саяси, дінтану, өнер, тарих, шетел әдебиеті, философия, психологиялық бағыттағы жалпы саны 200-ден астам кітап қойылған.

Оқырман сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады.

Жоба мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітапқа қолжетімділігін арттыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -