Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы Астана қаласы әкімдігінің "Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы Олжас Акимов брифинг өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астанада спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту қарқынды жүргізіледі. Спортшылар спорттың 55 түрінен дайындалады, оның ішінде 33 жазғы олимпиадалық спорт түрі болса, 6 қысқы олимпиадалық спорт түрі, 8 паралимпиадалық және 8 сурдлимпиадалық спорт түрі бар.
Бүгінгі таңда қала құрамасында барлығы 1837 спортшы дайындалуда. Атап айтар болсақ, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен - 403 спортшы, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен - 38 спортшы, паралимпиадалық спорт түрлерінен - 44 спортшы, сурдолимпиадалық спорт түрлерінен - 29 спортшы.
Дирекцияның контингенті - бұл үш жас категориясынан құралған спорт түрлері бойынша команда жасақталған. Олар жастар, жасөспірімдер және ересектер құрамалары. Команда құрамында 755 жасөспірім санатындағы спортшы, 568 жас спортшы, 514 ересек спортшы шеберлігін шыңдауда.
Қала құрамасының құрамында «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы бар 10 спортшы, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар 100 спортшы, «Спорт шебері» атағын алған 237 спортшы, «Спорт шеберіне үміткер» разрядымен 600 спортшы, 375 адам бірінші спорттық разрядқа ие.
800-ден астам спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшесі болып табылады. Астана қаласы құрамасының 130 спортшысы 35 спорт түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының штаттық командасына кірді.
Дарынды спортшыларды қолдау аясында 2023 жылы 15 жоғары санатты спортшымен спорттық қызмет туралы келісім жасалды. Астана қаласының штаттық командасының құрамына кіретін 111 спортшы спорттық қызметіндегі нәтижелері үшін ай сайынғы ақшалай жабдықталым алады.
«Құрама командалардың спортшыларын дайындаудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бас ресми жарыстарында, кешенді республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу. Алдағы уақытта 19-шы Азия ойындары мен 23-ші Жазғы Олимпиада ойындары сияқты ірі кешенді шаралар жоспарланып отыр. Елордалық спортшылардың ішінде бокс, велоспорт, ескек есу және каноэ есу, әйелдер боксы, әйелдер күресі, үстел теннисі, жүзу, спорттық гимнастика, триатлон, заманауи бессайыс, спорттық құзға өрмелеу, көркем гимнастика, еркін күрес сияқты спорттың 13 түрінен 22 спортшы олимпиада лицензиясын жеңіп алуға үміткер, оның ішінде 15 спортшы олимпиада медалін жеңіп алуға үміткер болып табылады» Олжас Акимов
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп Азия ойындарына 19 спорт түрінен 45 спортшы, Пара Азия ойындарына 4 спорт түрінен 10 спортшы қатысуға үміткер. Азия ойындарында 305 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында қала құрамасының спортшылары әртүрлі түрдегі 200-ден астам медаль жеңіп алды. Тек Қазақстан Республикасының чемпионаттарында спортшылар 133 жүлделі орын алды, республикалық деңгейдегі жарыстарда 25 медаль, халықаралық жарыстарда 46 медаль жеңіп алды.
Осы кезеңдегі жарқын спорттық жетістіктердің қатарында астаналық боксшылардың әлем чемпионатындағы Ташкентбай Санжар мен Оралбай Нұрбектің жеңісі, еркін күрестен Досжанов Санжардың және әйелдер күресінен Бақбергенова Жамиляның Азия чемпионатындағы жеңісі, бокстан Әлем чемпионатында әйелдер арасында күміс жүлдегер Күнгебаева Ләззаттың жеңісі, бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Хальзова Валентинаның жеңісін атап өтуге болады.
Бүгінге күнге дейін қала құрамасының спортшылары Азия чемпионатында 37 медаль, Азия кубогында 5 медаль, Әлем чемпионатында 7 медаль, Әлем кубоктарында 4 медаль жеңіп алды.
Өткізіліп жатқан Қазақстан Республикасының Спартакиадасында жүзушілер командасы 8 алтын медаль жеңіп алды, велоспорттан, әйелдер боксынан, баскетболдан (ерлер және әйелдер командасы) спортшылар жалпыкомандалық 1 орынды иеленді.
Дирекция штатында Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұйрығымен бекітілген қаланың 63 аға жаттықтырушы бар.16 аға жаттықтырушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады, 2 аға жаттықтырушы «Еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағына ие, 12 аға жаттықтырушы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 26 аға жаттықтырушының «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағы бар, 2 аға жаттықтырушының «Спорт шеберіне үміткер» спорттық разряды бар.
Спортшыларды дайындаудың үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету шеңберінде жаттығу үшін спорт залдары жалға алынады:
- «Алатау» спорт сарайындағы ауыр атлетика залы;
- «Капитолий» СК-нің еркін күрес залы;
- Сарыарқа велотрегінде дзюдоға арналған зал;
- «Жекпежек» жекпе-жек сарайында грек-рим күресіне арналған зал;
- «Думан» мамандандырылған гимнастика залында көркем гимнастика бойынша зал;
- Назарбаев Университетінде таэквондоға арналған зал;
- «Астана-Аренада» боксқа арналған зал;
- тир мен садақ ату залы,
- спорттық құзға өрмелеуге арналған скалодром.