Тұман және үмітсіздік: таулардағы драмалық сәттер

7942
Фотосурет: Алматы облысы ТЖД баспаcөз қызметі

2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 19:47-ден бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылының таулы жерінде құтқарушылар күшімен 1989 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді. Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы жұмылдырылды. 

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және туристік маршруттарда сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -