Алматы экономикалық ілгерілеу жолында: негізгі капиталға инвестициялар қарқынды өсуде

4356
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл үлес республика бойынша 12,2%, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қызметі – 25,9%-ға өсті», - деп хабарлайды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -