ТМД "Қазақ күресі" бойынша алғашқы чемпионат үшін Алматыны таңдайды

6138
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мұндай шешім Душанбеде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Достастық армиялары Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитеттері басшыларының отырысы барысында қабылданды, деп хабарлайды DKNews.kz.

– Ұйым құрылған 24 жыл ішінде алғаш рет Алматыда 2024 жылғы тамыз айында қазақтың ұлттық күресінен ТМД-ның алғашқы чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізіліп отыр. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы –Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ күресін қазақстандық қоғамда насихаттау және ілгерілету туралы тапсырмасын орындау негіз болды, – деп хабарлады Тәжікстанда өткен отырысқа қатысқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов.

Келіссөздер барысында келесі отырыстың күн тәртібіне Достастықтың қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әскери-қолданбалы спорт түрлерінің, сондай-ақ мәдени спорт түрлерінің тізбесін өзгерту және оған қазақтың ұлттық күресін қосу туралы мәселе енгізілді.

Бұдан бөлек алдағы қараша айында Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогі үшін армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионатын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -