«Бәйтерек» холдингі: қаржы, тәуекелдер және даму стратегиясы

19239
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

28 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушылар өңдеу өнеркәсібі, көлік және коммуналдық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру мәселелерін талқылап, холдингтің 2023 жылғы II тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекітті. Құжатта тәуекелдер картасы, тәуекелдерді басқару жоспары, негізгі көрсеткіштер мен іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат, сондай-ақ холдинг пен оған еншілес ұйымдардағы қаржылық тәуекелдер туралы ақпарат қамтылған.

Бұдан бөлек, ішкі аудит қызметінің ағымдағы жылдың II тоқсанындағы есебі және 2019-2023 жылдарға арналған түзетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, холдинг қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -