Ашық есік күні: Көкшетауда сарбаздар ата-аналарымен кездесті

1375
Фотосурет: Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде «Әскер ата-аналар көзімен» атты бір күндік акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш шараға «Аналар жүрегі» комитетінің лауазымды тұлғалары, СҚО әкімшілігінен подполковник Толыбай Даулет, СҚО Қорғаныс департаментінен Айман Абжапарова, «Қазақстан болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінен Рүстем Арманов пен Тимур Альжанов, сондай-ақ бірнеше сарбаздың отбасы мүшелері қатысты.

Акция ең алдымен сарбаздардың ата-аналары үшін ұйымдастырылды. Олар әскери жатын-жайларды аралады. Өздерінің балаларымен қауышып, сарбаздармен сұхбаттасты. Жыл сайын Ұлттық ұлан құрамаларында сарбаздардың қал-жағдайын бақылап, туысқандарының қандай жағдайларда қызмет етіп жүргендерін көру үшін ата-аналарға арналған осындай акциялар өтіп тұрады Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Айтжан Аубакиров

Шара барысында әрбір жауынгердің ахуалымен танысатындай экскурсия, жеке сұхбат ұйымдастырылды.

Әскери бөлім басшылығына ата-аналар атынан алғысымды білдіремін. Біз Солтүстік Қазақстан облысынан Көкшетауға арнайы келіп отырмыз. Бұл бөлімде біздің ұлымыз – қатардағы Виктор Василенко мен туысқанымыз Григорий Антошин өздерінің азаматтық борыштарын өтеуде. Ұландықтардың бүгінгідей мүмкіндік жасағанына ризамыз. Себебі, біз ұлдарымыздың қандай жағдайда қызмет етіп жүргендерін көріп қуанып отырмыз Ольга Василенко
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -