Қауіпсіздік мәдениеті жүйесін трансформациялау: Көкшетауда робототехника бойынша байқау-байқау өтті

5995
Фотосурет: Ақмола облысының ТЖД

Көкшетау қаласында облыстың жалпы білім беру мекемелері арасында робототехника бойынша байқау өтті. Байқауға барлығы 13 команда қатысты, оның 8-і қалалық және 5-і аудандық, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған іс-шара ТЖМ-нің жүйені трансформациялау және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмысы шеңберінде өткізілді.

«Алдағы уақытта біз осы әзірлемелерді зерделеуді және оларды біздің қызметімізге енгізу бойынша мәселелерді пысықтауды жоспарлап отырмыз. Байқау көрсеткендей, біздің білім беру мекемелеріміз балаларда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және ТЖ болдырмау мәселелеріне көп көңіл бөледі»,  деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Балаларға арнайы өрт сөндіру бөлімінде экскурсия ұйымдастырылып, өрт сөндірушілердің техникасымен таныстырылды. Сондай-ақ, балалар үшін жайылған дастархан үстінде олар өз әсерлерімен бөлісіп, идеяларымен алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -