Болашақ чемпиондар үшін еркін күрес: Астанадағы турнир финалы

20108
Фотосурет: Gov

Астанада еркін күрестен балалар мен жасөспірімдер арасында даңқты балуан, Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында басталған республикалық турнирде еліміздің әр облысынан келген 2012-2014 жылы туған балалар мен 2009-2011 жылы дүниеге келген жасөспірім балуандар белдесіп жатыр.

Атап айтқанда, 2012-2014 жылы туған балалар 27 кг, 30 кг, 33 кг, 36 кг, 39 кг, 42 кг, +46 кг, ал 2009-2011 жылғылар  35 кг, 38 кг, 41 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг, 57 кг, 62 кг, 68 кг, 75 кг, +75 кг салмақта үздіктерді анықтайды.
 
Жас жеткіншектер арасындағы турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат – еркін күрес спортын балалар арасында кеңінен насихаттау, күрес түрлерін дамыту және ел арасында танымал ету. Сонымен қатар күрес әліппесін енді үйреніп келе жатқан балуандардың шеберлігін арттыру және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы талантты спортшылардың қарым-қабілетін байқау.


 
3-4 қарашада барлық жас және салмақ дәрежесі бойынша алдын ала белдесулер өтсе, финалдық кездесулер 5 қарашаға жоспарланған. Елорданың күрес жанкүйерлері балғын балуандардың өнерін «Жекпе-жек» спорт сарайынан тамашалай алады. Жарыстар күндізгі 10:00 мен кешкі сағат 18:00-ге дейін өткізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -