Қазақ әдебиетінің мұрасы: оқушылар "Махамбет оқуларында"жарысады

8657
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы бақ сынауда.

Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.

Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады:
1️. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);
2️. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);
3️. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);
4️. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -