Елордада көктайғақ пен желдің күшеюі күтілуде

7898
Фотосурет: Астана әкімдігі

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -