Ермек Қасым және оның музыкалық тарихы

709
Фотосурет: Gov

Астанада ҚР Қарулы күштері Орталық әскери оркестрі солисінің дәріс-концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың концерт залында Орталық әскери оркестрдің солисі, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Қасымның «В объятиях музыки» атты дәріс-концерт өтті.

Ермек Қасым – үлкен сахналарда өнер көрсетіп, ерекше талантымен елімізді әлемге танытып жүрген өнерпаз.

Белгілі тележүргізуші Динара Саду әншіге қолдау көрсетіп, кешті жүргізді. Фортепиано партиясын Құралай Қанапина орындады.

Концертке Әскери-патриоттық орталықтың үрмелі аспаптар оркестрі қатысты. Капитан Нұрлан Кучкаров дирижерлық етті.

Сахнадан Шәмші Қалдаяқов, Мұқан Төлебаев, Ескендір Хасанғалиев, Александр Зацепин, Франц Шуберт, Жорж Бизе, Арно Бабаджанян, Муслим Магомаев сынды композиторлардың әндері орындалды.

Дәріс-концерт – сахнада дәріс пен музыкалық қойылым элементтерін біріктіретін мәдени-ағарту жұмыстың бір түрі.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың концерт залында өткен ән кеші өнерсүйер қауым үшін қызықты оқиға болғаны сөзсіз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -