«Қарағанды Жарық» ЖШС-на 5 млн.теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды

2530
Фотосурет: depositphotos

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен «Қарағанды Жарық» ЖШС 4 900 800 (төрт миллион тоғыз жүз мың сегіз жүз) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қарағанды Жарық» ЖШС электр энергиясын беру қызметі бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде орналасқан, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2022 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында кәсіпкерлік субъектісімен электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге шарт жасасудан заңсыз бас тарту бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша, ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен «Қарағанды Жарық» ЖШС-на қатысты 4 900 800 (төрт миллион тоғыз жүз мың сегіз жүз) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы, қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -