6-8 қаңтарына Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

3300
Фотосурет: Alexander Chernyakov/Canva

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алдағы күндері Белсенді Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 06 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, 07-08 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Сонымен, батыста және солтүстік-батыста түнгі сағаттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 граудс аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 граудс аязға дейін төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны 5 градус аяз-7 граудс жылы шегінде күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -