Қазақстанның қорықтары мен саябақтары: табиғи мұра мен биоәртүрлілікті сақтау

52481
Фотосурет: Semey News

Бүгін дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күні. Мереке 1997 жылы бастау алады. Елімізде 14 ұлттық, 3 өңірлік парк, 10 қорық және 7 резерват бар, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Бірінші қорықтар құрылды. Олардың ішіндегі ең көнесі және әйгілісі 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Орталық Азияда алғашқы болып ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін алған.

Еліміздегі ең жас Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды. ЕҚТА эндемиктер саны жағынан Республика бойынша алдыңғы қатарда.

1985 жылы елімізде ең алғашқы болып Баянауыл ұлттық паркі құрылды. Оның ауданы 68,5 мың га.

Ал, Қазақстандағы территорясы ең үлкен ұлттық парктің ауданы жарты миллион гектардан асады. Ол екі елмен - Қытаймен және Ресеймен шектесетін Катон-Қарағай ұлттық паркі.

ЕҚТА құрудағы басты мақсат - бірегей табиғи кешендер мен экожүйелер, сонымен қатар жануарлар мен өсімдік түрлерін келешек ұрпақ үшін сақтау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -