Кешенді даму жоспары: өткен жылы Жамбыл облысында 11 ауыл газдандырылды

4906
Фотосурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Бүгінгі таңда жамбыл облысындағы 285 ауылдың тұрғындары табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

2023 жылы облыстағы 11 ауылға (9 мыңнан аса тұрғын) "көгілдір отын" тартылып, аймақты газбен қамту көрсеткіші 91,1 пайызға жетті.

Жалпы, өңірімізде былтыр 9,5 млрд теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы қолға алынған. Оның 25 ағымдағы жылға өтпелі болған.

Биыл осы 25 ауылдың 11-не (17 мың тұрғыннан аса) құбыр тарту жұмыстары аяқталып, газбен жабдықтау көрсеткішін 92%-ға дейін арттыру көзделуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -