1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шараға түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскери қызметшілер қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін, тілге деген құрметі мен танымын ортаға салды.
Байқау барысында қатысушылар өз білімдерін ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де таныта білді. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды штабтың аға маманы, қатардағы жауынгер Роман Нагай (корей ұлты) иеленді. Екінші орын – қатардағы жауынгер Дмитрий Фокинге (орыс ұлты), үшінші орын – ефрейтор Александр Гребенкинге (шуваш ұлты) бұйырды.
Бұл байқау – мемлекеттік тілдің елдегі түрлі этнос өкілдері арасында кеңінен қолданылып, күнделікті қызметтік және жауынгерлік іс-шараларда тиімді пайдаланылып келе жатқанын айғақтайды.