Жансұлтан Оңалбаев Қонаев қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

4642
Фотосурет: Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Оналбаев Жансултан Сагнайулы тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол 22 мамыр 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2002 жылы Қазақстан-Ресей халықаралық университетін кеден ісі жөнінде инженер-эксперт, 2010 жылы Абай ат. Қазақ  Ұлттық педагогикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтау қалалық кедендік бақылау департаментінде маман болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Алмалы ауданында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -