L-410 - ға алғашқы рейстер: Ақтөбедегі әскери институт авиациялық паркті жаңартты

3927
Фотосурет: Gov

Ақтөбелік әскери оқу орнының ұшқыштары жаңа ұшақтармен алғашқы ұшуларын орындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Ақтөбе» әуеайлағында чехиялық L-410 ұшақтарымен алғашқы ұшулар өтті.

Бұған дейін біздің нұсқаушылар Чехияда үш айлық оқу курсынан өтіп келген болатын. Олар онда Full flight simulator тренажерларында жаттығып, осы ұшақ моделін пайдалануға тиісті рұқсаттар мен сертификаттар алды.

Ұшулар сап түзеген салтанатты жағдайда, ұшуға дайындық туралы баяндама жасалып, лента қию рәсімінен басталды. Ұшу алдындағы нұсқаулықты алған соң чехиялық нұсқаушы мен қазақстандық әскери ұшқыш подполковник Қаныбек Шинбаев әуеге көтерілді.

 "Жергілікті әуе желілері үшін ұшуға ыңғайлы модель Чехословакияда жасалған. Ұшақтың бұл түрі курсанттарды, ұшқыштар мен әскери-көліктік авиацияның инженерлік-техникалық құрамын оқытуға өте қолайлы. Әуе кемесі заманауи авионикамен, навигациялық жүйемен жабдықталған, ұшу тұрғысынан көптеген мүмкіндіктерге ие" Аға ұшқыш (нұсқаушы) – экипаж командирінің көмекшісі капитан Тимур Калин

Естеріңізге сала кетейік, әскери-көліктік авиация мамандарын оқытуға арналған ұшу аппараттары өткен жылдың желтоқсан айында институттың балансына келіп түскен болатын. Енді алдағы жаз айларында курсанттар жеңіл көп мақсатты қос моторлы ұшақтарда практикалық дайындықтан өте алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -