Мемлекеттік кірістер органдары хабарламаны электронды поштаға жолдай алады ма?

5269
Фотосурет: inbusiness.kz

Мемлекеттік кірістер комитетіне камералдық бақылау шеңберінде заң бұзушылықтардың бар екендігі туралы хабарламалардың таратылып жатқанына салық төлеушілер шағымданды. Бұл хабарламалар салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына жіберілген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті камералық бақылау туралы хабарламалар салық төлеушілерге жеке қол қою арқылы немесе салық төлеушінің электрондық жеке кабинетіне хабарлама арқылы жеткізілетінін хабарлайды. Мұндай хабарландыруларды электрондық пошта арқылы жіберу қарастырылмаған.

Тиісінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің электронды мекенжайларына жіберілген мұндай хабарламаларға еш қатысы жоқ.

Осыған байланысты МКК салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпаратты салық төлеушінің cabinet.kgd.gov.kz сайтындағы жеке кабинетінен қарауға кеңес береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -