ҚР МАМ Вице-министрі Ербол Аликулов болды

6006
Фотосурет: ҚР МАМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

  • 1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді. 
  • 2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.
  • 2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.
  • 2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.
  • 2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
  • 2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.
  • 2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.
  • 2017-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы.
  • 2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
  • 2023 жылдың қазан айынан бастап тағайындалғанға дейін –  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -