Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

15037
Фотосурет: Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Бүгін А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхананың  ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен  шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Отқа оранған он жыл" атты патриоттық кеш өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы кешке ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге  Кызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары да қатысты. Кездесуде "Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров пен Бекпан Алтын Жамалұлы өздерінің өмірбаяндарын, Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдері мен қиыншылықтар көргенін еске алды.

 

Кездесуде Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, "Ауған қасіреті' атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

Сонымен қоса оқушылар ауған соғысы туралы өлеңдерін оқып, "Ана мұңы"атты көрініс көрсетті. Кездесу барысында  ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкері, әділет  қатардағы Бақытжанов Қайсар әкесінің ауған соғысының ардагері екендігін айтып, ауған ардагердеріне жылы лебізін білдіріп, "Отан-Ана" әнін орындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -