5060
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизоны танк әскери бөлімінің сарбаздарына «Әскери қызметтегі бес кітап» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға артық білімнің кітапта екенін жете түсіндіру, білімге құштар болуға баулу және олардың осы бір жылдық мерзімді қызметтерінде кемінде бес кітап оқуға шақыру болып табылады.

Иә, кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Міне, осы үшін де 10810 әскери бөлімінің басшылығы Аягөз қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп,  100-ден аса жаңа басылымдағы кітаптарды сарбаздардың үй-жайларына әкелді. Бұл арқылы  Отан қорғаушылар өздерінің бос уақыттарында қалаған кітаптарын оқуына зор мүмкіндік алуда.

Шара барысында  аталмыш әскери бөлімнің кітапханашысы азаматтық персонал Айман Даханова және әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің мамандары жауынгерлерге кітапты қалай таңдау керектігін түсіндіріп өтті.

«Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге!» деп Абай атамыз айтып кеткендей, кітап оқу ойымыздың дамуына, қиялымыздың ұшқыр болуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік зор ықпалын тигізері анық. Кез келген өмірдегі сұрақтардың жауабын кітаптан табамыз. Оқу арқылы біз әлемді танып, оның әсемдігіне тамсану арқылы қиял-ғажайып әлеміне, шытырман оқиғалар желісіне саяхаттай аламыз. Жалпы,өтіп жатқан акция маған және менің қарулас достарыма ұнады, - деді қатардағы жауынгер Шыңғыс Қаратай

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -