"100 ауыл" жобасы: 200 жаңаөзендіктер марафонға қатысты

5368
Фотосурет: Маңғыстау облысының ҚҚО

Жаңаөзен қаласында алғаш рет ауқымды түрде жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Марафон Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, демеушілердің және еліміздің танымал спортшысы гиннесстер кітабының рекордсмені Сергей Цырульниковтің көмегімен «100 ауыл» жобасы аясында өткізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Басты мақсат - тұрғындарды спортқа тартып, салауатты өмір салтын насихаттау.  Марафонға 200-ге жуық жаңаөзендер қатысып, 10 шақырымды жүгіріп өтті. Шара ұйымдастырушысы Елдос Чикеновтің айтуынша, алдағы уақыттарда бұндай жарыстарды ұйымдастыру жоспарда бар. 

-Бүгінгі шара Жаңаөзен қаласында дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту үшін ұйымдастырылды. Келесі жылдары да кәсіпкерлермен бірігіп, марафонды жалғастыру ойымызда бар. Тек жүгіру марафоны ғана емес, басқа да жобаларды іске қосқымыз келеді, - деді Елдос Чикенов. 

Сергей Цырульниковтің сөзінше, марафонның өтуіне себепкер болған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған «100 ауыл» жобасы. Жоба - ауылдағы спортты дамытуға арналған. Бүгінде Сергей Цырульников жоба аясында 120-дан астам ауылға барып, спорт мектептеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып берген. Маңғыстауға сапарында 6 ауылды аралайтын болады.

 

-Менің басты миссиям - барлық ауыл, аудандарда спортпен айналысуға мүмкіндік жасау. Байқағаным, көптеген ауылда құрал-жабдықтар жетіспеушілігі байқалады. Сол себептен мен мемлекеттен көмек күтпей, қолдан келгенше жұмыс жасауға тырысып жатырмын. Ал, болашақ спортшыларға айтарым өздеріңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыздар! Жоғары жетістіктерге жетуге тырысыңыздар!, - деді Сергей Цырульников.

Марафон нәтижесінде ерлер арасында үшінші орынды Акимов Саян, екінші орынды Абдумалик Кеңесбаев, ал бірінші орынды Амантай Қасымхан иеленді. Ал қыздар арасында бірінші болып Айгерім Құлатаева келсе, екінші орынға Дана Бибосова, үшінші орынға Айгүл Төлепберген жайғасты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. 

-Бүгінгі жарыс тартысты өтті. Жүгіру менің хоббиым болғандықтан, қиын болды деп айта алмаймын. Тек табиғаттың қолайсыздығы сәл ғана кедергі келтірді. Тартысты додада өзіме қарсылас көрген жоқпын, - деді марафон жеңімпазтАйгерім Құлатаева.

 

Марафоннан кейін Сергей Цырульников Қызылсай мен Теңге ауылындағы мектептерге барып, жұмыстарымен танысып, қажетті құрал-жабдықтарын табыстады. Оқушылар спортшыны қуана қарсы алып, өнерлерін көрсетті. Балалар спорттық қабілеттерін Сергей Цырульниковпен бірге шыңдады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -