Наурыз мерекесі – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі болып табылады. Әз-Наурыз түркі халықтарына ортақ төл мереке саналатын қасиетті мейрам, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл күні жыл жаңарып, адамдардың көңіл күйлері көтеріліп, бір-бірімен етене араласатын кез. Сол себепті қазақ халқы үшін бұл мереке өте ыстық, ерекше мереке болып есептеледі. Наурыз десе есімізге ұлттық киімдер, наурыз көже, ойын-сауық түседі. Иә, әрине бұл біздің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің арқасында пайда болған көзқарас. Наурыз мерекесін ұлттық киімсіз тойлаудың өзі көзімізге басқаша көрінеді. Ежелден бастап ырыс пен берекенің арқауы болған бұл мейрам көктем мезгілінің ұлы мерекесі десек те артық айтқанымыз емес. Себебі, наурыз деген сөздің өзінде бірнеше астар жатыр. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда нау-жаңа, рыз-күн деген мағынаны білдіреді. Барша түркі халқында бұл мереке жаңа жыл мерекесі деп те аталынады.
Бұрынғы кезде бұл мереке қарсанында көкпар ұйымдастырылып, жастарымыз алтыбақан теуіп, асық шиіре ойнаған. Наурыздың тойлануы қанша өзгерсе де, халқымыздың дәстүрлері еш өзгермеген. Бірақ біз білетіндей еліміздің әрбір аумағында бұл мереке өзіндік стиль де тойланады. Сол секілді еліміздегі әрбір құрылым наурыз мерекесі өзіндік стиль де қарсы алады. Атап айтар болсам, еліміздің айбыны болған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы бұл жылы да өздерінің халыққа деген қамқорлығымен көзге түсті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі бұл мереке қарсанында арнайы «Наурызнама» атты онкүндік жоспар дайындап, отбасынан жырақта жүріп, отан қорғап жүрген сарбаздарымыз ға бұл мейрамның өзіндік атмосферасын сезінді. Ең алдымен жас сарбаздарымыз ға үйлерінің ыстық дәмін сездіріп, керемет көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы тәттілер мен бауырсақтар таратты. Сонымен қатар онкүндік жоспарға сәйкес 18 наурыз күні «Игі істер» күніне орай сарбаздар мен әскери қызметкерлерге арнайы дастархан жайып, көңілдеріне қуаныш сыйлап, наурыз мерекесін сездірді десек те болады. Бұл іс-шаралар барысында сарбаздар әскери бөлім жеке құрамына алғыстарын айтып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Сонымен қатар, әсем әуендер шырқалып бір-бірін алдағы келе жатқан мерекемен шың жүректен құттықтады.
Ұландықтар үшін 22-наурыз мерекесі тек әскери бөлім ішіндегі іс-шаралар мен шектеліп қалған жоқ. Атап айтар болсам, Орал қаласында 5517 әскери бөлім оркестрі қала тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтау барасында, халық көп жиналатын қоғамдық орындар да шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып халықтың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің сарбаздары Атырау қаласындағы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана да өткізілген «Қош келдің, Наурыз-көктем» атты іс-шараға қатысып, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеуге өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, аталмыш әскери бөлім қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін наурыз мейрамымен құттықтау мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара барысында шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, бүлдіршіндердің көңіл күйін көтерді. Сонымен қатар, материалдық көмек көрсетілген болатын.
Осылайша еліміздің айбыны болған Ұлттық ұлан қызметкерлері ұлыстың ұлы күнімен барша халықты құтықтап көңілдеріне сенім ұялата білді.