2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша, деп хабарлайды DKNews.kz.
2024 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 0,3%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,6%-ға өсу).
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 68,3% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,9% (155 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,0% (130 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелердің төмендеуі нәтижесінде 2024 жылғы ақпанда 0,8%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін азайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы ақпанда 2,2%-ға немесе 20,6 млрд теңгеге 940 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,0%-ға өсу).
2024 жылғы ақпанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 18,8 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 33,5 млрд теңге).
2024 жылғы ақпанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 502 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 6,1%-ға артық.
2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2 918 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43,5%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (505 мың шарт) және өмірді сақтандыру (295 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 87,3 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 227,6 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 37,5 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын, сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (122,9%-ға өсу немесе 11,9 млрд теңге) бойынша орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 2 ай ішінде 88,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 79,8%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (46,7%-ға өсу немесе 10,1 млрд теңге) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (60,9%-ға өсу немесе 12,8 млрд теңге) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 101,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 12,5%-ға өсумен немесе 7,1 млрд теңге болып ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы ақпанда сақтандыру төлемдері 22,7 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 42,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға көп. Өсу, негізінен, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы ақпанда барлығы 103,1 мың төлем, 2024 жылдың басынан бері – 218,2 мың төлем жүзеге асырылды.