Америкалық компания Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске $3 млн жібереді

4224
Фотосурет: ҚР ТЖМ

«Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын. Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін  осы ресурстардың  қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымас қолдауын білдіреді»  «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон»  елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -