Алматыда Ұлттық ұлан оркестрі Жеңіс күніне орай концерт өткізді

1881
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

2025 жылдың 4 мамырында Алматы қаласындағы «MEGA Alma-Ata» ойын-сауық орталығының сахнасында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани әсер сыйлады. 

Концерт барысында әскери оркестр соғыс жылдарындағы әскери әндер мен патриоттық және халық әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Репертуардан «Журавли», «Әлия», «Қайсар армия», сондай-ақ заманауи музыкалық өңдеудегі қазақ әндері мен марштар орындалды.  Оркестрдің кәсіби шеберлігі мен орындаушылық деңгейі көрермендердің зор ықыласына бөленді. 

Мұндай мәдени іс-шаралар халықтың рухын көтеріп қана қоймай, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алуға, жастарға патриоттық тәрбие беруге зор үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -