Пайдаланушылар осы опцияның көмегімен 9 айдан асқан балалармен өз жұмыстары бойынша бара алады. Көлікке тапсырыс беру кезінде баланың жасын және оның шамамен салмағын таңдау керек, деп хабарлайды DKNews.kz.
Пайдаланушыларға 9 айдан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға жарамды (салмағы 9 кг-нан 36 кг-ға дейін) және ECE R44/04 еуропалық қауіпсіздік стандартына сәйкес келетін креслолармен жабдықталған автомобильдер келеді.
Барлық жүргізушілер креслоларды қалай дұрыс орнату және икемдеу, сондай-ақ кішкентай жолаушылармен қалай қарым-қатынас жасау бойынша арнайы оқудан өтеді.
«Баланы тасымалдау үшін балалар креслосы қажет — бұл міндетті қауіпсіздік талабы. Енді Яндекс Такси сервисі арқылы еуропалық қауіпсіздік стандартына сәйкес келетін сапалы балалар креслосы бар көлікті шақыртуға болады. Ал жүргізушілер арнайы дайындықтан өтеді» Қазақстандағы Яндекс Такси сервисінің басшысы Байдүйсен Тайыр
Опция кез келген тарифте қолжетімді. Ол үшін қосымша төлемақы қарастырылған, өйткені жүргізуші арнайы кресло сатып алады, сондай-ақ сапар кезінде кішкентай жолаушыны орналастыруға көмектеседі.
Қосымша төлемақы сапардың ұзақтығына байланысты емес, бірақ тарифке байланысты өзгеріп отырады:
- «Эконом» немесе «В гости» — 300 ₸
- «Комфорт» — 350 ₸
- «Комфорт+» — 450 ₸
- «Бизнес» — 550 ₸
- «Минивэн» — 400 ₸