424
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда еліміздегі табиғи апат салдарынан көптеген аймақтарды су басып, қарапайым тұрғындар жапа шегуде. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда су басу қаупі Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында өте жоғары.

Алайда, бұл апаттын алдын алу мақсатында еліміздің айбыны болған Ұлттық ұлан қызметкерлері аянбай еңбек етуде. Ұландықтар тұрғын алаптары маныңда құм толтырылған қаптардан бөгеттер салып, аймақ тұрғындарын эвакуациялауда белсене қызмет атқаруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтар болсақ күні кеше ғана Орал қаласының маныңдағы елді мекендерден тұрғындарды эвакуациялау барысында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің қызметкері Марленов Маулен өз қызметінің қас шебері екенің дәлелдей білді. Ол су тасқыны болған аймақта топан судын ортасында адамдар мен қалып қойған жүк көлігін өз көлігінің күшімен тартып шығарып, 30-ға жуық адамды қауіпсіз аймаққа шығаруға өз септігін тигізді.

"Мен бізге берілген аймақта тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын атқарып жүрген болатынмын. Бір мезетте 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялауға тырысқан жүк көлігі топан судың ортасыныа батып қалғанын байқадым. Көп ойланбастан тұрғындардың көлігін өз көлігіме тиеп, трұрғындарды қауіпсіздік аймаққа шығардым"  Маулен Марленов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -