Қазақстанның жастар саясатын қандай өзгерістер күтіп тұр? Отырыста талқылау

666
Фотосурет: Gov

Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруде өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына өзгерістер енгізу бойынша талқылау өтті.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарастырды. Талқылау аясында жастарға қатысты түрлі аспектілер сөз етілді. Олардың қатарында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар мен өңірлерде қажетті инфрақұрылымды дамыту секілді мәселелер бар.



Іс-шараға түрлі салалардың сарапшылары, институттар, ғылыми қауымдастықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар жастар үшін ортаны жақсартуға және олардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталған пікір, тәжірибемен алмасты.

Бұл – еліміздің жастар секторын дамытудағы маңызды қадам. Мұндай талқылаулар өзекті мәселелерді шешуге және қазіргі әлемдегі жастардың қажеттіліктерін қолдауға бағытталған тиімді стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу үшін аса қажет.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -