Қазақстанда жетекші халықаралық мектеп ашылуда

395
Фотосурет: Gov

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Astana Hub» КҚ бас директоры М.Мәдиев пен «01 Edu system» негізін қалаушысы Sultan Deror-мен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Министр кездесу барысында Қазақстандағы жоғары оқу орындары базасында «01 Edu system» бағдарламалау бойынша жетекші мектептердің бірін ашуды ұсынды.

«01 Edu System» өзін өзі оқыту және «peer-to-peer» оқыту принциптеріне негізделген бірегей бағдарламалау мектебі болып саналады. Ол студенттерге нақты жобалармен жұмыс істеу және басқа студенттермен тәжірибе алмасу арқылы бағдарламалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Өңірлік университеттер базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «01 edu system» мектебінің ашылуы IT саласында білім беруді және Қазақстанның инновациялық сапасын дамыту үшін маңызды мүмкіндіктің бірі.

Бұл бастама цифрлық экономиканы дамытуға, ақпараттық технологиялар саласындағы жастардың біліктілігін арттыруға және IT саласына талантты студенттер мен кәсіпқойларды тартуға ықпал етеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -