Әскери қызметшілердің балалары демалысқа жолдама бойынша барды

347
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ата-аналары Абай гарнизонында әскери қызмет өткеріп жүрген балалардың бірінші тобы әскери ұшақпен Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Семей қаласының № 40 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ұлан Архатұлы орталықта жолдама бойынша демалу мүмкіндігіне қуанды.

– Оқу жылының соңында Қапшағай су қоймасының жағасындағы демалу бақыты бұйырды. Маған мектептен артта қалмайтынымды айтты, онда сабақтар өткізіледі, - деді оқушы жаңалықпен бөлісіп.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова «Балдәурен» республикалық орталығында осы ағымда әскери қызметшілердің 32 баласы демалатынын хабарлады. Оқу сабақтарынан басқа, балалар өз денсаулығын нығайтып, көптеген жаңа әсерлер ала алады.

- Балалар мен жасөспірімдерге арналған сауықтыру рәсімдерінен басқа бірқатар іс-шаралар, оның ішінде әскери бөлімге бару жоспарланған, онда олар сарбаздардың оқу – жауынгерлік өмірімен және тұрмыстық жағдайлармен таныса алады, - деп нақтылады әйелдер кеңесінің басшысы.

Бұл Абай гарнизонындағы әскери қызметшілер балаларының алғашқы легі. Алдағы айларда Қонаев қаласында екі кезеңге оқушылардың тағы екі тобы жіберіледі.

Балаларға арналған демалыс еліміздің қорғаныс және білім министрліктерінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспары негізінде ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен оның филиалдарына әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы демалады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -