Елордалық салық салушылар жалпыға бірдей декларациялау бойынша оқытуды жандандыруда

1161
Фотосурет: Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Елорда қызметкерлері жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша ай сайын 100-ден астам офлайн кездесулер өткізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жолдың жартысына жуығын өтті. 15 қыркүйекке дейін, аяқталуға небәрі 3,5 ай қалды. Елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің салық қызметкерлері азаматтарға декларациялау мәселелері бойынша онлайн, телефон арқылы, әлеуметтік желілерде кеңес беріп, «тікелей» кездесулер ұйымдастырады.

Департамент қызметкерлері кәсіпорындарға, компанияларға, медициналық орталықтарға, ішкі істер бөлімдеріне келіп, декларацияның маңыздылығын және декларацияны толтырудың техникалық аспектілерін түсіндіруде. Медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерінің жұмыс кестесі тығыз, сондықтан семинар-тренингтер өндірістік процестерге кедергісіз ұйымдастырылады.

2024 жылы елордалық департамент қызметкерлері 400-ден астам кездесу өткізіп, онда жалпы декларацияның үшінші кезеңінің негізгі мәселелері мен егжей-тегжейлері түсіндірілді. Салық қызметкерлері Ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығы, Н.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, екі қалалық бірінші және алтыншы аурухана қызметкерлеріне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің департаменті көлік полициясы қызметкерлеріне семинарлар ұйымдастырды.

Тренинг барысында салық мамандары декларацияны кім және қалай толтыру керектігін, биылғы жылы декларациялау жүйесіне кімдер кіретінін, 2025 жылдың 1 қаңтарына кімдер дайындалу керектігі жайлы айтылады. (2024 жылдан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, 2025 жылдан бастап – азаматтардың басқа санаттары тапсыратын болады). Бөлім қызметкерлері ұсынылуы тиіс мәліметтердің тізбесі аз екенін атап өтуде: жалақы, салымдар бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері, сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) Қазақстанда тіркелген қайтарымсыз мүлікті алу туралы мәліметтер.

Салықтар туралы толық ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе @astana_mkd ресми аккаунты арқылы (табыс және мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) «Салық төлеушінің шоты» (cabinet.salyk.kz) электронды түрде, «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Azamat, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.Ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей)

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -