Инженерлік оқ-дәрілерге жоғары қырағылық

20119
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік оқ-дәрілерді сақтау жөніндегі әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен Аягөз гарнизоны 41446 әскери бөлімінде үш күндік жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынды өткізудегі басты мақсат – инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймалары бастықтарының қажетті көлемде инженерлік-техникалық әдістемелік және практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ басшылық құжаттарды зерделеу болды.

Шараға қатысушы әскери қызметшілер сабақтар барысында теориялық білімдерін тереңдетіп, практика жүзінде әзірлеген оқу орындарында оқ-дәрілерді сақтау және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, техникалық байқаудан өткізу мәселелерін пысықтады. Сонымен қатар, әр тыңдаушы инженерлік оқ-дәрілерді жоғары сапада сақтау және қамтамасыз ету жөнінде ой – пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты.

Үш күндік жиында білім алушыларға өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру, инженерлік оқ-дәрілерді есепке алуды және беруді ұйымдастыру тәртібі, жеке құрамның және әскери техниканың техникалық аумаққа өтуі,  оқ-дәрілермен жұмыс істеу, сақтау, тиеп-түсіру жұмыстары мен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, техникалық күзет құралдарын жетік қолдану және ашық алаңдағы сақтау қоймаларын заманауи үлгідегі дрондарға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы жеткізілді.

Аталмыш шара соңында ҚР ҚК БШ Инженерлік әскерлер департаментінің офицерлері қатысушылардың білімдерін бағалады және сабақ барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге мақтау қағаздарын беріп, жиынды қорытындылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -