"Талақ" фильмі Қытайдағы ірі кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына енді

6897
Фотосурет: KA3PRESS

Бейімбет Майлиннің әңгімелері желісімен түсірілген «Талақ» көркем фильмі Қытайда маусымның 14-і мен23-і аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) негізгі халықаралық конкурсына іріктелініп алынды. Фильмнің режиссері – Данияр Саламат, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фильмге Қазақ даласындағы өткен жүзжылдықтың жырмасыншы жылдарындағы оқиға арқау болады. Жаппай ұжымдастыру басталған кез,  «социализмнің» ызғары есіп тұрған кезең. Түрлі ұрандар да желдей еседі. Соның бірі - «әйелдерге бостандық». Осы ұранды желеу қылғандардың салқыны сан жұртқа тиеді. «Талақ» сөзі фильмде мұсылман заңдылығымен  ажырасуды ғана білдірмейді, сол кезеңдегі қазақ өміріндегі  өмір сүру тәртібінен, дәстүрінен, көшпенді өмірінен еріксіз ажырауын да меңзейді. Бастысы, халық «бостандық» деген ұранмен  бостандығынан  ажырап бара жатқан еді...

Айта кетсек, Халықаралық Шанхай кинофестивалінің басты байқауына барлығы 14 кинотуынды іріктелініп алынды. Олардың ішінде Аргентина, Германия, Иран, Испания, Қытай, Ресей сынды басқа да мемлекеттердің фильмдері бар.

«Талақ» фильмі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен жарық көрді. Түсірілім жұмыстары Алматы облысы Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылында өтті.

*Кинотанушы Гүлнәр Әбікееваның «Талақ» фильмі туралы жазған рецензиясы:  http://www.kinokultura.com/2023/82r-talak.shtml

                                   

ТАЛАҚ

Бейімбет Майлиннің «Талақ», «Әже» әңгімелерінің желісімен

Сценариін жазған және қоюшы режиссері: Данияр Саламат

Қоюшы операторы: Есен Айтмұқамет

Қоюшы суретшісі: Нұрболат Жапақов

Композитор: Қайсар Дәуренқан

Рөлдерде: Ерболат Әлқожа, Әмира Омар, Аяна Бауыржанова

Ұзақтығы: 100 мин.

Студия: SofNET

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -