Онкология мәселелері: Қазақстанда call-орталық іске қосылды

3707
Фотосурет: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі 8 (7172) 570 950 болатын республикалық call-орталықтың жұмысын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -