Әскердегі өнерлі сарбаз: Ұландық Ақәділ Асханұлы баянмен рух сыйлап жүр

1573
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскер – темірдей тәртіп орнаған орта. Бірақ сол әскери бөлім ішінде жүріп те өнердің отын өшірмегендер бар. Солардың бірі – ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінің қызметтік көлік жүргізушісі қатардағы жауынгер Ақәділ Асханұлы, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлттық ұлан қатарына қабылданған Ақәділ әскери жүргізушілер даярлау курсынан өткен. Бүгінде 4 жеке атқыштар ротасында командалық-штабтың көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады.

Ол баян, домбыра, фортепиано аспаптарын меңгерген. Бос уақытында қолына баянын алып, қаруластарына рух сыйлап, көңіл-күйлерін көтереді.

– «Анам да, әкем де әуенге жақын жандар. Сондықтан өнер – қанымда бар. Баянымды тастамай, әскерге де алып келдім. Бұл – менің көңіл сергітіп, жан жадыратар сүйікті аспабым. Ұлттық ұланның әскери бөлімінде өтетін іс-шараларда баянмен ән айтып тұратын кездерім болады», – дейді қатардағы Ақәділ Асханұлы.

Айта кетейік, 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерін күзету, сотталғандардың тәртібін қадағалау, сондай-ақ сотталған азаматтарды айдауылдау бағытында маңызды жауынгерлік қызмет атқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -