Атырау интернетті есірткі жарнамасынан тазартуда

3905
Фотосурет: Gov

Атырауда есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша алдын алу шаралары қабылдануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күреске қатысты қойған тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Атырауда есірткіге байланысты 82 (2023-63) құқық бұзушылық анықталды.

Заңсыз айналымнан 8 кг астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Мысалы, прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында "fito" заңсыз зертханасын ұйымдастырған Атырау тұрғыны анықталып, ұсталды, одан есірткі заттары бар 68 өсімдік тәркіленген.

Интернет арқылы есірткі заттарының таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Үкіметтік емес ұйымдарды тартумен жүргізілген акциялар мен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде әртүрлі сайттарда есірткі жарнамасы бар 30-дан астам жазба жойылды.

Жыл басынан бері «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы заңсыз контенті бар 60 сайт анықталып, олардың мекенжайын бұғаттау мақсатында ІІМ-не жіберілді.

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар өткізілуде.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дайындық аясында жергілікті атқарушы және құзыретті органдардың өкілдерін, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық белсенділер мен спортшыларды тарта отырып, арнайы жоспар әзірленді.

Бұл бағыттағы жұмыс күнделікті қатаң бақылауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -