Қоғамдық кеңес ірі қазақстандық мұнай газ компаниясын құруды қолдады

12474
Фотосурет: Gov

Энергетика министрлігінде мұнай-газ саласы мәселелері жөнінде қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысуымен мұнай-газ саласы мәселелері жөнінде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «Норт Каспиан оперейтинг Компани Б.В.» АҚ (НКОК), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО), «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылары қатысып, Қоғамдық кеңестің мүшелеріне ҚМГ мемлекеттік қорға одан әрі игерудің тиімсіздігіне байланысты қайтаратын объектілердің (кен орындарының) мәселелері, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларында (Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ) қазақстандық қамтуды дамыту туралы ақпаратты ұсынды.

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы есебі де тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста қаралған мәселелерді шешу бойынша, атап айтқанда, ірі бірлескен қазақстандық компанияны құруға қатысты бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар енгізді және Министрліктің салалық бөлімшелерімен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -