Қазақстанда мектеп оқушыларының гимназиадасы басталды

4356
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған.

«Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңістің биік белестерін бағындыруын тілеймін» Қаныбек Жұмашев

Атап өту керек, спорттық сайыстар 2 маусым-28 тамыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында өтеді.

Мұнда екі мыңнан астам оқушы сайыстың 52 түрі және спорттың 23 түрі бойынша өзара бәсекеге түседі. Бұл үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -