«UNI Football League»: спорттағы мүгедек балалардың әлеуетін іске асыру

3762
Фотосурет: А.Байжұманов/ Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Амангелді Толамисов «UNI Football League» ерекше футбол жобасының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жоба аутизм мен Даун синдромымен бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналғаны туралы депутаттар хабардар етілді. Жобаның мақсаты – футболмен айналысуға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, физикалық дамуға ықпал ету болып табылады.

Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ғалиасқар Сарыбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға да, мүгедек адамдарды қолдауға да ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, бұл жоба еліміздегі инклюзивті спорттың дамуына оң әсер етуі ықтимал, сондай-ақ мүгедек балалардың әлеуметпен араласуына ықпал етеді.

«Бүгінгі таңда мемлекет инклюзия мәселелеріне баса назар аударып отыр. Спорт әрбір қазақстандықтың, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Парламент Сенаты бұл бағытқа ерекше көңіл бөлуде. Қазақстандық бочча федерациясындағы мүгедектігі бар спортшыларымыз республикалық және халықаралық деңгейде тамаша нәтиже көрсетіп отыр деп сеніммен айтуға болады. «UNI Football League» тұғырнамасы өз кезегінде спорттағы мүгедек балалардың әлеуетін іске асырудың тағы бір серппелі тұғыры болуы мүмкін. Бұл сонымен қатар балалардың қоғамдағы әлеуметпен араласуына айтарлықтай ықпал етеді» Ғалиасқар Сарыбаев

Бұл бастама 2023 жылдың қараша айында Қазақстан футбол федерациясы мен «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен басталған болатын. Қазіргі уақытта жоба Қазақстанның 7 қаласында – Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл және Таразда жұмыс істеп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -