Қапшағай су қоймасында кезекті рейдтік іс-шаралар өтті

3586
Фотосурет: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында кезекті күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес күндізгі уақытта 6 әкімшілік хаттама жасалды. Түнгі уақытта шомылушыларға 30 әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ, талаптарға бағынбау фактісі бойынша, рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Алматы облысы ПД ЖӘАЖ қызметкерлері тартылды.

Түнгі рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмады. Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -