Атыраулық ұландықтар өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды

4070
Фотосурет: ҚР ІІМ ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні кешкі сағат 21:30 шамасында Атырау қаласында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің бірінен белгісіз бір ер азамат секірмекші болған.  Дәл сол уақытта  полиция қызметкерлерімен бірігіп патрульдық қызмет атқарып, қала тыныштығын күзетіп жүрген патрульдік топ бастығы сержант Бексұлтан Абдуллаев пен оның серіктестері көпірден секірмек болған ер адамды  байқайды. Ұландықтар ер азаматты байқаған сәтте, еш ойланбастан көмекке ұмтылған. Патрульдік топ бастығы Бексұлтан Абдуллаев ер азаматты әңгімеге тартып, ойнынан айнытуға тырысқан, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Қызмет ету барысында көпірдің шетінде тұрған ер азаматты байқап қалдық. Көп ойланбастан дереу көмекке ұмтылдық. Алайда алғашында ер адам бізге бой бермей, өз өмірімен қоштасқысы келетінің баяндады. Дәл сол сәтте, ер азаматты сөзге тарып, мән жайды білуге тырысып, оңтайлы сәтте көпірдің шетінен алып, қауіпсіз жерге апардық»- дейді патрульдік топ бастығы сержант Бексұлтан Абдуллаев.

Аталмыш оқиғадан соң, ұландықтар ер азаматты жақын маңдағы полиция басқармасына жеткізген. Қазіргі таңда ер азаматтың жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайы қарастырылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -